Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақмыс» Шу ауданында 800 млн теңгеге 9 әлеуметтік жобаны іске асырады (ВИДЕО)

13:13, 30 қыркүйек 2026

Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жаңа нысандар «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен Шу ауданының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды.

Аталған алаңдар балалар мен жастардың спортпен шұғылданып, белсенді демалуына жағдай жасайды. Олар компанияның ауданда 2026-2027 жылдары жүзеге асыратын әлеуметтік бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы нысандар.

Меморандум аясында жалпы бюджеті шамамен 800 млн теңгені құрайтын тоғыз әлеуметтік жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарында жаңа спорт алаңдары мен кешендерін салу, балабақшаны жөндеу, көшелерді жарықтандыру және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты басқа да жобалар бар.

«Қазақмыс» компаниясы өзінің қатысы бар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дамытуда. Басым бағыттар қатарында балалар мен жастарға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар