Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК отандық бизнесті дамыту туралы меморандумға қол қойды

11:53, 02 мамыр 2026

Астанада «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен «Алматы» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Марат Байдурин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Alash.kz.

Меморандум өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға, жергіліктендіру деңгейін арттыруға және өндірістік кооперацияны кеңейтуге бағытталған. 

Тараптар Алматы қаласы мен Ұлытау облысының экономикасын дамытуға, отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыруға бағытталған өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Қазақмыс үшін қазақстандық қамтуды дамыту ұзақ мерзімді стратегияның негізгі ба болып табылады. Бұл тәсілдің іс жүзінде іске асырылуы нақты көрсеткішпен расталады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания отандық өндірушілерден шамамен 577 млрд теңгеге өнім мен қызмет сатып алды. Осы көлемнің шамамен 27%-ы, яғни 152 млрд теңгесі, Алматының кәсіпорындарына тиесілі.  Бұл қаланың өңіраралық кооперация жүйесіндегі маңызды рөлін айқындайды.

Аталған көрсеткіш өңіраралық кооперацияның әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизнес арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтудің маңыздылығын растайды.

Меморандум аясында «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары мен  «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС («Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы) резиденттері арасындағы кооперацияны дамыту, отандық өндірушілерден сатып алу үлесін арттыру, өндірістік қажеттілік бойынша ақпарат алмасу, сондай-ақ бірлескен іскерлік іс-шаралар мен келіссөздер өткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, шикізат ресурсын қайта өңдеу саласын дамытуға және қазақстандық кәсіпорындар негізінде жоғары қосылған құны бар өнімдер өндірісінің тізбегін құруға ерекше назар аударылды.

Қазіргі кезде «Алматы индустриялық аймағы» аумағында 147 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішіндегі 57 кәсіпорын іске қосылды. Инвестицияның жалпы көлемі 884 млрд теңгені құрайды. 2026 жылы да жалпы сомасы 10,3 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Меморандумға қол қою өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге, өткізу нарығын әртараптандыруға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндік ашады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар