Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтті

17:35, 07 сәуір 2026

«Жомарт» кенішіндегі өндірістік қауіпсіздік: барлық шаралар толық көлемде орындалып, бақылауға алынды, деп жазады Alash.kz. 

«Жомарт» кенішінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаевпен және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаевпен бірлескен жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Қазақмыс корпорациясы өткен жылғы оқиғаның салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесін, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың іске асырылу барысын таныстырды. Сонымен қатар қазіргі кездегі кеніштегі аэрогаздық жағдай мен бақылау жүйелерінің жұмысы көрсетілді.

Мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кешені жүргізілді. Бұған дейін оқыс оқиға тіркелген аумақтарда газсыздандыру бойынша қажетті шаралар атқарылды. Тау-кен жұмысын қауіпсіз жүргізу бойынша жол картасы әзірленіп, енгізілуде. Желдету жүйелерін жаңғырту жалғасуда, тәулік бойы жүзеге асырылатын аэрогаздық бақылау күшейтілді. Іс-шаралардың бірқатары қосымша ғылыми зерттеу жүргізуді және тау-кен жұмысын жүргізу параметрлерін түзетуді қамтыды. Сонымен қатар Корпорация қосымша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында жабдықты жаңғырту, персоналды позициялау және апаттық хабарлау жүйелерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен техникалық тексеріс жүргізу бар.

Барлық жұмыс бекітілген кесте бойынша орындалып, тұрақты бақылауға алынды. Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуекелдің алдын алу Корпорация үшін басты басымдық болып қала береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар