Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақмыс» Жомарт кенішіндегі желдету жүйесін жаңғыртып, қауіпсіздікті күшейтуде

09:16, 29 мамыр 2026

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік қауіпсіздікті басты орынға қоя отырып, ағымдағы жылды «Қауіпсіздік жылы» деп жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Осы бастама аясында Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров бастаған жұмысшы топ Жомарт кенішінің жерасты шахталарына арнайы сапар шегіп, кен өндіру нысандарының жағдайымен танысты. Сапар барысында кенжарлардағы қауіпсіздік шаралары, газ деңгейін анықтайтын талдағыштардың жұмысы және ауа алмасу жүйесі жіті тексеріліп, анықталған олқылықтарды жедел жою бойынша кеніш басшылығына нақты міндеттер жүктелді.

Қазіргі таңда кеніштегі негізгі желдету ұңғымасын бұрғылау процесі толығымен аяқталып, оны өндіріске қосудың соңғы дайындық шаралары жүріп жатыр. Жер бетіне орнатылған заманауи арнайы желдеткіш қондырғылар арқылы жуық арада 600 метр тереңдікке дейін таза ауа үздіксіз жеткізілмек. Бұған қоса, кеніш аумағында қосымша желдету орындарын бұрғылау жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.

Іс-сапар аясында Шахтапроходкалау тресінің өкілдері, геомеханика мамандары және кеніштің басқарушы құрамы бірлескен жиын өткізді. Кездесуде тау-кен саласындағы күрделі түйткілдерді шешудің оңтайлы жолдары қарастырылып, болашақта шахтадағы жаңа кен көздерін ашу мен игерудің стратегиялық жоспарлары жан-жақты талқыланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар