Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ тілінде жауап беруді “хайп” көретін футболшы Нұралы Әліпке 26 миллион теңге сыйақы берілді

16:33, 15 қыркүйек 2024 741

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Зенит» командасында ойнайтын 24 жастағы қорғаушы Нұралы Әліп 26 миллион теңге сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz спорт сайтына сілтеме жасап.

Ол ойнайтын Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы кеше Ресей премьер-лигасының орталық матчында Мәскеудің ЦСКА клубын жеңген. Бұл 8-турдың ойыны болатын.

«Мутко Против» Telegram-арнасының жзауынша, «Зенит» клубы әдетте жеңіске 25 мың евро көлемінде сыйақы береді екен. Осы жолы футболшыларын ынталандырып, сыйақыны екі есе көбейткен. Яғни 5 миллион евро беріледі. Бұл біздің ақшамен 26 миллион теңге.

Нұралы Әліп алаңға екінші таймда шықты. Ол әріптесі Вилмар Барриосты алмастырды. Тіпті, төбелеске де қатысып, сары қағазға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін футболшы баспасөз конференциясында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған Нұрсұлтан Құрманның бұл әрекетін «хайп» деп бағалаған болатын. Осыдан соң Құрман да үнсіз қалмай, футболшыға есін жиюға кеңес берген.

Ал Норвегиямен матчтан кейін отандасымыз «Қазақ үшін жан беруге дайынмын» деп мәлімдеме жасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар