Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ тілін білмейді емес, біледі. Сөйлегісі келмейтіндер көп…»: Ринат Зайыт маңызды пікір білдірді

11:06, 19 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік тілді білмейтін қызметкерлерді оқыту үшін бюджеттен арнайы қаражат бөлу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz. 

Халық қалаулысының пайымдауынша, қазіргі таңда тіл үйрену үшін мемлекеттік шығындардан гөрі, азаматтардың жеке ықыласы маңыздырақ болып отыр.

Депутат бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар мен интернет ресурстарының дамуы тіл үйрену процесін әлдеқайда жеңілдеткенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тілін меңгеру үшін ұзақ уақыт немесе орасан зор қаржылай қолдау қажет емес. Ринат Зайытов тілдік ортаның бар екенін және статистикалық мәліметтердің көңіл қуантарлық деңгейде екенін алға тартты.

Ринат Зайытов бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын келесідей жеткізді:

«Неменеге мемлекеттен ақша бөлетіні бар? Қазір интернетте кез келген адам мемлекеттік тілді ары кетсе бір айдың ішінде үйреніп ала алады. Егер ықыласы болса. Оған дәлел көп. Білмейді емес, біледі. Сөйлегісі келмейтіндер көп. Қазақстанның 83% халқы қазақ тілін біледі».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар