Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ палуандары U23 әлем чемпионатында тағы 3 медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орын алды

09:27, 18 қазан 2026

Қазақ палуандары U23 әлем чемпионатында тағы 3 медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

​АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 медальмен толықты.

Тұризм және спорт министрлігі Спортты көрсеткіштерін дамыту дирекциясының мәліметінше, грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесті. Тартысты бәсекеде қарсылас 0-4 есебімен жеңіске жетті.

​
Сондай-ақ бүгін Арсен Жұма (-55 кг) 3-орын үшін өткен белдесуде қырғыз Барсбек Асанқожоевты жеңіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір палуанымыз Джохар Узаров Армения өкілінен басым түсіп, аса ауыр салмақтың қола медалін мойнына тақты. 

​Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан командасы әлем чемпионатында 5 жүлдемен жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады. Осыған дейін Айбек Айтбеков (-60 кг) пен Юсуф Ашрапов (-72 кг) чемпион атанған.

Алдағы күндері жарыс әйелдер күресімен жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар