Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ күресі әлемдік чемпионатта топ жарды

10:00, 16 тамыз 2025 73

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен өткен алғашқы әлем чемпионатының жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ALASH.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бастапқы жекпе-жектердің өзінде-ақ қазақстандық ұлттық күрес мектебінің басымдығы айқын көрінді. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан құрамасы, екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Ресей командасы иеленді.

Ерлер арасында чемпион атанғандар:

• Қазақстаннан: Бекжан Төлепов (55 кг), Ернұр Сүлеймен (60 кг), Сағындық Әшім (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Ғалымжан Қырықбай (100 кг-нан жоғары);

• Ресейден: Глеб Голов (82 кг), Владимир Досяк (100 кг);

• Өзбекстаннан: Умар Бозоров (90 кг).

Әйелдер арасында алтын медаль иеленгендер:

• Қазақстаннан: Айжан Жылқыбаева (48 кг), Рауза Нұрмұхамбетова (56 кг), Әкерке Рамазанова (77 кг-нан жоғары);

• Өзбекстаннан: Ситора Ильмуродова (52 кг), Шахноза Бозорова (77 кг);

• Ресейден: Валентина Остапец (60 кг), Дарья Кузмичева (65 кг).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар