Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ жастары соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздарының жүздеріне жан бітірді (ВИДЕО)

12:15, 05 мамыр 2025 218

Соғыс жылдарындағы қазақстандық батыр әйелдер туралы ерекше жоба жарық көрді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қазақстандық авторлар соғыс жылдарында ерлік көрсеткен әйелдерге арналған тың жобаны қолға алды.

Жоба авторларының әлеуметтік желідегі парақшалары: @babekzh_ai және @luckyart_ai.

 Бұл жоба — ел тарихында із қалдырған, бірақ есімдері көпшілікке беймәлім болған қаһарман әйелдерді еске алу мен олардың ерлігін насихаттауға бағытталған.

Баршаға белгілі Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сияқты есімдер көп айтылғанымен, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 7 747 әйел қатысып, олардың 637-сі офицер шенінде болғаны көбімізге беймәлім.

Жоба аясында тек танымал батырлар ғана емес, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан есімдер қайта жаңғыртылды.

Солардың қатарында Хиуаз Доспанова, Мәдина Искақова, Халида Маманова секілді қайсар қыздардың бейнелері бар.

Жобаның басты мақсаты — осы ержүрек әйелдердің өмір жолын жас ұрпаққа үлгі етіп, тарихи жадты сақтау.

 Бұл — құрмет пен тағзымның белгісі ғана емес, ұлттық рухты нығайтудың маңызды жолы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар