Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ футболы: Шерхан Қалмұрзаның есімі Чемпиондар лигасының үздіктері қатарына енді

10:42, 20 қыркүйек 2025 101

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Шерхан Қалмұрзаның аты-жөнін Чемпиондар лигасының үздіктері қатарына қосты, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Қайрат" пен "Спортинг" арасында өткен тарихи ойында 18 жастағы қақпашы ерекше көзге түсті. Қақпашының бесінші минуттағы сэйві үздік бестікке кірді.

Шерхан Қалмұрзадан бөлек үздіктер қатарына "Галатасарай" қақпашысы Угурджан Чакыр, "Наполи" мүшесі Ваня Милинкович-Савич, "Ньюкасл" голкипері Ник Поуп және "Спортинг" қақпашысы Жуан Виржиния бар.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза - "Қайраттың" үшінші қақпашысы. Ол негізгі құрамға Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған соң шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар