Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазақ елін жеңіспен құттықтаймын!”: Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

18:19, 22 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“ҚАЗАҚСТАН - ЧЕМПИОН!

Түркістанға арнайы келіп Дәстүрлі садақ атудан өткен Азия чемпионатын көзбен көріп, марапаттау рәсіміне қатыстым. Сұрмергендеріміз топ жарды! 

10 елден 103 спортшы келіп бақ сынады!

Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Солтүстік Кипр, Тайланд, Түркия елдерінің садақшылары қатысқан байрақты бәсекенің алтын белбеуі - Қазақстанда! Жалпы командалық есепте ЧЕМПИОН атандық!

Жалпы есепте:

4 алтын;
4 күміс;
3 қола медалмен Қазақстанның Дәстүрлі садақшылары жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алды!

Барлық садақшыларға, жаттықтырушыларға, федерациямыздың қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын.

Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде, осы спорттың жанкүйері ретінде Қазақ елін жеңіспен құттықтаймын!”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар