Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ елі әзірге көш бастап тұр" - Қырғызстан министрлігі

13:59, 11 қыркүйек 2024 260

Қырғызстан Мәдениет, мағлұмат, спорт және жастар саясаты министрлігі Дүниежүзілік көшпенділер ойынының 2026 жылы қай елде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы 

"Құрметті қырғызстандықтар! Барлығыңызды V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылуы салтанатымен және бүгін өтіп жатқан спорт ойындарымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің Қырғызстаннан келген спортшылар өте жоғары деңгейдегі көрсеткіштер көрсетіп жатыр. Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Қырғызстаннан шыққан Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2026 жылы өз мекені Қырғызстанда өтетін болды. Мәдениет, мағлұмат, спорт және жастар саясаты министрлігінің және өз атымнан сіздерді құттықтаймын", - деді ол. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл Қазақстанда өтіп жатыр. Қазақстан әзірге жалпы жүлде қоры бойынша бірінші орында тұр, - деп хабарлады министрлік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?