Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ баласы Лондонның тарихи орталығы саналатын ауданның мэрі атанды

17:16, 08 мамыр 2026

Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонның тарихи орталығы саналатын Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды, деп жазады Alash.kz. 

33 жастағы отандасымыз енді Ұлыбритания астанасының ең маңызды мемлекеттік нысандары орналасқан аймағына жауапты болады. Оның басқаруына Букингем сарайы, Парламент ғимараты және премьер-министрдің резиденциясы сияқты стратегиялық орындар кіреді.

Санжар Әбішев бала жасынан Ұлыбританияда тұрып, беделді Malvern College мен университетті тәмамдаған. Саяси додаға Консерваторлар партиясының атынан түсіп, өзінің басты қарсыластарын айтарлықтай басымдықпен артта қалдырды. Оның бұл жеңісін жергілікті саяси сарапшылар жоғары бағалап отыр.

Бизнесмен Қанат Көпбаев жас мэрдің жетістігіне тоқталып, былай деді:

«Санжар мұнда мектеп кезінен бері тұрады, атақты Malvern College мен университетті тәмамдаған. Ол Консервативтік партияның атынан Westminster City Council құрамына еніп, басты бәсекелестері — лейбористерді 350 дауыспен озып кетті. Бір аудан деңгейінде бұл өте үлкен көрсеткіш».

Санжар Әбішевтің кәсіби жолы маркетинг және цифрлық технологиялар саласымен тығыз байланысты. Ол он жылдан астам уақыт бойы ірі халықаралық брендтермен жұмыс істеп, жеке агенттігін басқарған. Сонымен қатар ол қоғамдық тәртіпті сақтау мен қайырымдылық шараларына белсенді қатысуымен де танымал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар