Талдықорғандық дизайнер Дәрия Қуатжан «Қазақ аруы – 2025» байқауында топ жарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар жасаумен айналысатын жас дизайнер Дәрия Қуатжан көрермендердің онлайн дауыс беруінде оқ бойы озып шығып, 22 771 дауыс жинаған.

Жеңімпазға BM Production компаниясы Парижге екі адамға арналған жолдама табыстады.
Дәрия жеңістен кейін халыққа алғысын білдіріп, жауапкершілікті абыроймен арқалайтынын айтты:
«Мені қолдап, маған дауыс берген әрқайсыңызға алғысымды білдіремін. Сіздер маған таққан тәждеріңізді абыроймен алып, сол тәжге лайық іс жасаймын деп уәде беремін. Менімен өнер көрсеткен әрбір қыз «Қазақ аруы» жеңімпазы болуға лайық. Жаса, қазақ қыздары!»
Дәрия Қуатжан байқауға арнайы «Көшпенді дала ұрпақтары» атты балаларға арналған этно-коллекциясын дайындаған.