Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазағымнан айналдым: Комада жатқан Ербаянға халық 139 млн теңге жинап берді

17:30, 22 тамыз 2024 396

Сарбаз Ербаянға жылу жинаған халық оның анасына 139 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 

Сарбаздың еміне 139 млн теңге жиналғанын анасы әлеуметтік желіге жариялады.

– Ербаянның отбасы бүкіл Қазақстан халқына зор алғысын білдіреді. Керемет қолдауды көріп көзімізден жас шықты. Бірер күннің ішінде мемлекет айлар бойы жасамағанды аз уақытта ғана атқардыңыздар. Қазақстандай елде сіздердей азаматтардың барына қуаныштымыз, – делінген жазбада.

Ербаянның отбасы халықтан “жылу жинауды тоқтатайық па, жоқ па?” деп кеңес сұрайды.

– Адамдар бүкіл елді аралап шығыңдар деп кеңес береді. Саниавиацияның өзі 25-60 млн теңге аралығындағы сома екен, – делінген жазбада. 

Желіде тараған Ербаянның емхана керуетіндегі суреті адамның жанын түршіктіреді. Күннен күнге солып бара жатқан сарбазға бас сүйегі ауыр зақымданған, маңдай мен мен самайдан тиген қатты соққыдан миы ісіп кеткен, қарақұсы сынған деген диагноздар қойылып отыр. Сарбаз шұғыл Түркиядағы клиникалардың бірінде емделуі керек. Оған шамамен 30 млн теңге қаражат керек.  Мамандар науқас клиникада кем дегенде 3 ай емделмесе беті бері қарамайтынын айтады. Осы мақсатта Ербаянның еміне халықтан қаражат жиналып жатыр. Ол үшін арнайы Instagram парақша ашылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар