Айка деген атпен танымал Мырзахметова аса ірі көлемде есірткі сақтады және «элиталық эскорттар» желісін ұйымдастырды деп айыпталды. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты Мырзахметова мен оның сыбайласына үкім шығарды.
Сотта анықталғандай, Мырзахметова мефедронды сақтап, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ол үш жыл бойы «элиталық эскорттар» желісінің ұйымдастырушысы болды. Сутенер пайызды делдалдар арқылы алып отырған.
«Сот отырысы жабық өтті. Қылмыстық іс баптың 4-бөлігі бойынша қаралды. Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да материалдармен дәлелденді», - делінген хабарламада.
Мырзахметова кінәсін ішінара мойындады. Нәтижесінде ол алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта өкіну, қылмысты ашуға көмектесу, кішкентай баласының болуы ескерілді. Ал сыбайласы үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.