Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы оқиға: Мектеп оқушысы директорды атып өлтірді

16:04, 10 мамыр 2024 984

Стамбұл қаласындағы Final Academy Эйюпсултан мектебінде қайғылы оқиға орын алды.

11-сынып оқушысы 2023 жылдың соңында тәртібінің нашарлығынан мектептен шығарылған. Бірнеше айды араға салып оқушы бұрынғы мектебіне келіп, директорды  кабинетінде бес рет атып өлтірген.

Оқиға орнында ауыр жараланған 74 жастағы директор ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай қайтыс болды. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған 17 жастағы оқушы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды.

Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар