Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған алматылық және мәскеулік туристер ажал құшты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алматы мен мәскеулік туристер таудың Қырғызстан жақ бетінде қар көшкінінің астында қалып қойған. Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болыпты.
Төрт адамнан құралған альпинистер тобын көшкін таңғы уақытта басып қалған. Абырой болғанда, үшеуінің басы қар арасындағы ойықтан шығып қалады. Олар сол жердегі ауамен тыныстап, өз бетінше шығуға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.
Үш турист құтқарылған соң, тауда тағы да көшкін жүріп, одан ешкім зардап шекпепті. Экстремалды спорт түрімен айналысамын деп қаза тапқан ресейлік туристің мәйітін іздей бастайды.