Оралда 7 шілдеде үш жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Оралда 7 шілдеде сағат 22:50-де 2019 жылы туған кішкентай балақай бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
«Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция хабарламасында.