Ақтөбе қаласындағы 5 жасар бала тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз айларында терезелердің жиі ашық болатынын ескертіп, тұрғындарға үнемі сақ болуды ескертуде. Соған қарамастан, балалардың терезеден құлап кету оқиғалары жиілеп барады.
– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады, олардың біреуі өліммен аяқталды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.