Шығыс Қазақстан облысында аурухана құрылысы кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды деп жазады Alash.KZ.
Оқиға Шемонаиха қаласында инфекциялық аурухана салынып жатқан аумақта тіркелген. Табылған сүйектер жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Олар бұл жерде кезінде қауіпті жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдар жерленуі мүмкін деген күдік айтып, қауіптеніп отыр.
Алайда жергілікті билік пен медицина мамандары инфекция таралу қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, табылған адам қалдықтары барлық санитарлық талаптарға сай қайта жерленеді.