«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Итауыз» шахтасында жаңа желдету жүйесі пайдалануға берілді. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жерасты қазбаларындағы еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, деп жазады Alash.kz.
Жобаны іске асыру үшін биіктігі 180 метр болатын желдетуге арналған тік оқпан қазылды. Жұмыс биыл сәуір айында аяқталды.
Мамыр айында шахтаның үстіне немістер өндірген Korfmann AL 17-2500 үлгісіндегі екі осьтік желдеткіші орнатылды. Жаңа желдету жүйесі секундына 150 текше метрге дейін ауа өткізе алады. Бұл жерасты қабатының тұрақты әрі тиімді желдетілуін қамтамасыз етеді.
Жоба компанияның жерасты кеніштеріндегі желдету инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас жүйе бұған дейін «Жомарт» кенішінде іске қосылған болатын. Онда орнатылған жабдық 600 метрден астам тереңдіктегі тау-кен қазбаларын желдетуді қамтамасыз етеді.
«Жомарт» кенішінде желдетуге арналған тағы бір тік оқпанның құрылысы жалғасуда. Жұмыс аяқталғаннан кейін желдету жүйесінің мүмкіндігі кеңейеді. Бұл тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік деңгейін арттырып, өндірістің тиімділігін жақсартуға ықпал етеді.
Желдету инфрақұрылымын дамыту 2026 жылы «Қазақмыста» жарияланған Қауіпсіздік жылы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру өндірістік тәуекелдерді азайтуға, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартуға және жер астындағы өндірістік нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Қауіпсіздік жылы: “Қазақмыс” шахтасында жаңа желдету жүйесі пайдалануға берілді
Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстандық шпагашылар алтын медаль жеңіп алды
09:11, 24 маусым 2026
«Тамыры соғып тұр…»: Ербаянның жақындары қаралы хабарға қатысты күмәндарын жеткізді
00:24, 24 маусым 2026
«Оқ жаудырып, бір-бірін қуалаған»: Демалыс орнында бұзақылық жасаған 22 адам ұсталды
20:32, 23 маусым 2026
«Қазақ маманын қазақ футболына сыйдырмады»: Белгілі журналист өткір мәлімдеме жасады
15:19, 23 маусым 2026
“Кедергіні алып тастадық. Заң бекітілді”: Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығын бөлісті
14:38, 23 маусым 2026
"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Бауыржан Қаптағай өткендегі қателігін мойындады
13:58, 23 маусым 2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
10:52, 23 маусым 2026
“Маңызды оқиға”: Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді
09:43, 23 маусым 2026
“Үлкен жеңіс! Өте қуаныштымын”: Михаил Шайдоров көптен күткен арманы орындалғанын айтты
09:19, 23 маусым 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды
18:05, 22 маусым 2026