Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шұғыл шаралар қабылдау»: Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа дерек шықты

16:31, 03 ақпан 2026

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты, күдіктінің кәмелетке толмаған бес баласы мемлекеттің бақылауына алынды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қазіргі уақытта тұтас бір отбасының өліміне күдікті деп танылған ер адамға халықаралық іздеу жарияланғандықтан, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орынға қойылды.

Облыстық білім басқармасының дерегінше, бұл қадам полиция департаментінің шұғыл ұсынысы негізінде жасалған. Арнайы комиссияның шешімімен мектеп жасындағы үш бала бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал бір және үш жастағы екі бүлдіршін мамандандырылған сәбилер үйіне тапсырылды.

Білім басқармасының өкілдері жағдайды былай деп түсіндірді:

«2 ақпанда полиция департаментінен күдіктінің кәмелетке толмаған бес баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шұғыл шаралар қабылдау туралы хат келіп түсті. Осыған байланысты олар уақытша мемлекет қорғауына алынды».

Еске сала кетейік, Жангелдин ауылында жоғалып кеткен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті қаңтар айында табылған болатын. Олардың өліміне күйеубаласы күдікті ретінде танылып отыр. Ресми мәліметтер бойынша, бұл отбасы бұған дейін қарапайым өмір сүрген және көршілері тарапынан ешқандай жағымсыз пікір айтылмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар