Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қатты өзгеріп кетті, бұрынғыдай емес: Дана Есеева жолдасының жағдайымен бөлісті

20:52, 10 қыркүйек 2024 2739

Блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі, блогер, кәсіпкер Дана Есеева жолдасының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Sn.kz мәліметінше, блогер Әсел Сәдуақасовамен әңгімелесіп, ішіндегі барын ақтарған. 

“Күйеуім туралы жиі сұрайды. Мен не деп айтамын?! Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырып еді. Қаншама қиындық көрді. Үй қамағында болды. Одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққаннан кейін толық жазасын өтеуге кетті. Жақында заң аясында қысқамерзімді демалысқа келіп еді, халық шулап кетті. Бірақ заңда жазасын өтеп жатқан адам демалысқа үйіне келе алады. Ол да солай келді. Кейбір адамдар: “Бір кіріп, бір шығып не істеп жүр?” деп сөкті. Оны көру үшін жиі Павлодарға ұшып барамын”, – деді Дана.

Сондай-ақ блогер келіншек жолдасының қалай өзгергенін де айтып берді. 

“Темір тордың ар жағында отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді” деген түсінік бар. Сотталған адамның бәрібір де бұрынғыша болмайтыны анық. Ол қатты өзгеріп кеткен. Табиғатынан мықты, жігерлі адам еді. Сол болмысы беки түскен. Көп ойланады. Қасында адамдарының басынан кешкен оқиғаларын естіп, анализ жасайды. Кітап оқығандай етіп айтып отырады”, – деді кәсіпкер келіншек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар