АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ақ үй басшысы өз жолдауында екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, алдағы уақытта өтетін маңызды халықаралық жиындарға қатысты ұсыныстарын білдірген.
Америка көшбасшысы осы жылдың ақпан айында Вашингтон қаласында ұйымдастырылған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысын ерекше атап өтті. Ол сол жиын аясында Қазақстан Президентімен өткен кездесудің жемісті болғанын және сол дидарласуды ықыласпен еске алатынын жеткізген.
Хатта көрсетілгендей, Құрама Штаттар Президенті Мемлекет басшысын алдағы уақытта жоспарланған маңызды іс-шараларда көруге ниетті. Атап айтқанда, Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі басқосуына және жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырды.