Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

19:06, 30 маусым 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар