Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

19:00, 14 қыркүйек 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге жасаған мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне өтуіне жан-жақты қолдау көрсететін GGGI ұйымының жұмысына жоғары баға берді. Бұл институттың қызметі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, климаттың өзгеруіне төзімділікті артыруға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Өз кезегінде Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму бағытында жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, жаһандық климат күн тәртібі шеңберінде тығыз әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен бірге тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және халықаралық ұйымды қазіргі заманның жаңа сын-қатерлеріне сай бейімдеу мәселелерін де егжей-тегжейлі талқылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар