Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1995 жылғы Конституцияның мемлекеттілік негізін қалаудағы рөліне тоқталып, Қазақстанның қалыптасуы жолындағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше тарихи миссиясын естен шығармау керектігін айтты, деп жазады Alash.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мемлекет басшысы:
«1995 жылғы Конституцияда негізгі назар мемлекеттік биліктің негіздерін нығайтуға аударылды. Ол кезең үшін бұл орынды шешім болды. Себебі енді ғана тәуелсіздік алған мемлекетке заңнамалық тұрғыдан берік негіз қажет еді. Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тарихи миссиясын ұмытпауымыз керек».