Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен сөйлесті

15:05, 29 маусым 2026

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар