Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қашуға әрекет жасаған”: Атырауда қайын жұртын өлтірген күдікті жайлы жаңа дерек шықты

20:41, 05 сәуір 2026

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезияға қашан барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Индонезия полициясының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге тәртіп сақшылары келген сәтте Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасаған. Алайда ол сол жерде қолға түсті.

Күдіктіні ұстау операциясына Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі жұмылдырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барған. Кейін олар Ломбок аралына қоныс аударып, ұсталғанға дейін сол жерде болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар