Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарулы күштер-қауіпсіздік кепілі

15:37, 15 маусым 2024 449

Еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты Қарулы күштердің атқаратын қызметтері мен міндеттерінің маңызы тұтас қоғам үшін ерекші маңызға ие. Мемлекеттің тұтастығы мен егемендігін, әскери ынтымақтастық пен мемлекеттік обьектілерді, тұтас кеңістікті қорғау осы органдардың басты құзырында. Аталған мақсат-міндеттерді орындау мақсатында құзырлы органдар өз алдына түрлі қызметтер атқаруда. Биыл қаңтар айынжа Қорғаныс министрлігіне қарасты қызметкерлердің қатысуымен өткен жалпы кеңесте алдағы жылға нақты жоспарлар қойылған. Негізгі басым бағыт жауынгерлер мен әскери сарбаздардың жауынгерлікке әзірлігін арттыруға бағдарланған. Атап айтқанда жыл соңына дейін 160-тан аса жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шаралар өтеді. Олардың ішінде ең маңыздысы әскери континенттердің қатысуымен өтетін, әрі әскери-теңіз, әскери-әуе күштерінің оқу жаттығулары. Онымен бөлек оңтүстік астанамыз Алматыда "Айбын" X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиын Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Бұл мерейтой аясында өткізілген әскери-патриоттық жиынға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей құрамаларынан 750 адам қатысты.

Қазақстан атынан түрлі аймақтардан, ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарынан, ҚР Қорғаныс министрлігінің астаналық әскери колледжінен, "Жас ұлан" республикалық мектептерінен, "Арыстан" мамандандырылған лицейінен және облыстық әскери мектеп-интернаттардан командалар жарысқа қатысты. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақтауда «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы өтпек. Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарында орналасқан әскери нысандардың инфрақұрылымын, атап айтқанда әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын дамыту мәселелері аумақтағы өңір басшыларының да басты назарында. Қорғаныс министрлігінің инфрақұрылым жөніндегі орынбасары Әбубәкіров Ақтөбе облысының әкімімен әскери қалашықтың мәселелерінде өзара іс-әрекетті күшейту туралы уағдаластықтар орнатылған.

Осындай оқу-жаттығулардың жалғасы «Дала сұңқары 2024» Жамбыл облысында да жалғасын тапқан. Қазақстан мен Қырғызстанның әскери қызметшілерінен құралған аралас контингент тау қорықшылары полкінің базасында және «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында іс жүзіндегі өткен. Жаттығулар барысында әскери қызметшілер таулы жерлерде марш жасау элементтерін жетілдірді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде шартты заңсыз қарулы топтың лагерін қоршауға алу және жою бойынша тактикалық эпизод орындалады. Тактикалық деңгейдегі халықаралық оқу-жаттығулар бірлескен міндеттерді орындау кезінде далалық шеберлікті арттырудың   және бөлімшелерді үйлестірудің тиімді әдісі болып табылады.

Ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысының Арыс қаласында және Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында болды. Кездесулерге жергілікті атқарушы билік әкімдері, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер басшылары, мектеп директорлары және қоғам өкілдері қатысты.

ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биылғы жылдың бірінші сәуірінен бастап әскери бөлімдер мен жақын маңдағы елді мекендер маңайын оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жұмыстары қайта басталатынын мәлімдеді. Ол Қорғаныс министрлігі жарамсыз оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету мен оларды кәдеге жарату бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ сақтау объектілерін жетілдіру шаралары қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл іс-шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Қорғаныс ведомствосының өкілі бұл шараға саперлік бөлімшелердің жұмылғанын хабарлады. Жиналған оқ-дәрі қалдықтары жару әдісімен жойылады, бақыланатын жарылыстар елден тыс жерлерде, арнайы бөлінген шалғай учаскелерде жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жергілікті тұрғындарға қауіпті емес.

Департамент бастығы сонымен қоса кездесуге қатысушыларға көктемгі әскерге шақыру барысы және әскерде қызмет еткен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы айтты. Әскери қызмет өткеру кезеңінде борышын өтеуші сарбаз ай сайынғы несие төлемдерінен босатылады, ал қызмет аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған адам екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай, ақылы түрде ЖОО-ға түсу құқығын пайдалана алады. Қызмет барысында жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік грантқа ие болады, бұл құқықты олар бір жыл ішінде пайдалана алады.

Сонымен қатар, қарулы күштер мен әскерилердің қызметін бағалау аясында биыл әскери қызметшілердің жалақысы 30 пайызға өсуі жоспарлануда. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастыратын болады. Сонымен қатар Қарулы Күштерде жастарды автоматтандырылған жүйе арқылы тіркеудің пилоттық жобасы басталады. Бұл бастама бюджет қаражатын миллиард теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік береді. Қаражат медициналық комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеу, шалғай ауылдық округтерден жастарды жеткізу, кеңсе тауарлары мен басқа да қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды жабуға бағытталады.

Мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілерге 3 000 грант бөлінеді. Бұл гранттар Қазақстандағы 70-ке жуық жоғары оқу орнында қолжетімді болады. Грантқа ие болған үздік сарбаздар шәкіртақы мен жатақханадан орын алу мүмкіндігіне ие болады және ҰБТ тапсыру міндетінен босатылады.

Ағымдағы жылдан бастап барлық әскери қызметшілер үшін бірегей далалық киім үлгісі енгізіледі. Бұл өзгеріс барлық күш құрылымдары үшін киімнің стилі мен түсінің бірдей болуын қамтамасыз ету үшін қолға алынады және оған бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді.

Қазақстан биылғы жылы БҰҰ миссиясы аясында өз қатысуын кеңейтеді. 139 әскери қызметшіден тұратын бітімгершілік контингент наурыз айында Голан биіктігі аймағына жіберіледі. Олардың басты міндеттері – БҰҰ қарарының орындалуын бақылау және аумақты патрульдеу.

Әскери-теңіз күштеріне «БК-16» деп аталатын екінші диверсияға қарсы қайық жеткізіледі. Бірінші қайық 2023 жылы тапсырылды. Бұл кеме жағалау аймағында және ішкі су айдындарында түрлі міндеттерді шешуге арналған және 19 десантты орналастыру мүмкіндігі бар.

Қарулы Күштерде әскери техника мен оқ-дәрілерді жөндеу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 2024 жылы Алматы, Ақтау, Теміртау, Қонаев қалаларында және Гвардейский кентінде 5 жаңа жөндеу-қалпына келтіру бөлімшесі ашылады.

Ақтөбе облысындағы Жем әскери қалашығында жаңа нысандар салынады, сондай-ақ Алматыдан 50 шақырым жердегі Жетіген елдімекенінің әуеайлағының ұшу алаңы күрделі жөндеуден өтеді. Казармалар мен тұрғын үйлер де жаңартылады.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің спорт комитетінен 36 спортшы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Олимпиада ойындары 26 шілдеден 11 тамызға дейін өтеді.

Сондай-ақ 2024 жыл Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, №1 Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралармен есте қалатын болады.

Биылғы жылы әскери қызметшілердің мансаптық өсуі мен оларды әлеуметтік, моральды, материалдық тұрғыдан ынталандыру мақсатында әскери қызметшілердің жалақысын 30 пайызға арттыру жоспарлануда. Бұл ұсыныс Қазақстан Үкіметі тарапынан қаралуға ұсынылады. Аталған шешім мемлекеттің қорғаныс жүйесін қалыптастырушы әскерилерді әлеуметтендіруге бағытталғаны сөзсіз.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарулы Күштерде жастарды автоматтандырылған тіркеу жүйесінің пилоттық жобасы басталады. Жоба бюджеттік шығындарды миллиард теңгеден астам үнемдеуге ықпал етеді. Бұл қаражат медициналық комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеу, шалғай ауылдардан жастарды тасымалдау, кеңсе тауарлары мен басқа да қажеттіліктерге жұмсалатын болады.

Мерзімді әскери қызметті атқарғаннан кейін запасқа шыққан әскери қызметшілерге 3 000 грант бөлінеді. Бұл гранттар 70-нен астам жоғары оқу орнында қолжетімді болады. Грант иегерлері шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жатақханаға орын алу құқығына ие болады және ҰБТ тапсырмай ЖОО-ға түсе алады. 2024 жылдан бастап Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдар үшін жаңа бірегей далалық киім үлгісі енгізіледі. Бұл өзгеріс барлық әскери қызметшілер үшін далалық киім-кешек стилі мен түсінің үйлесімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өзгерістер бюджеттен қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді.

Қазақстан 2024 жылы БҰҰ миссиясы аясындағы қатысуын кеңейтеді. Наурыз айында 139 әскерилерден тұратын бітімгершілік контингент Голан биіктігі аймағына жіберіледі, оның басты міндеті – БҰҰ шешімдерінің орындалуын бақылау және аумақты патрульдеу болады. Қарулы Күштерге 2024 жылы «БК-16» атауымен екінші диверсияға қарсы қайық жеткізіледі. Бірінші қайық 2023 жылы қабылданған болатын. Бұл кеме жағалау аймағында және ішкі су айдындарында әртүрлі міндеттерді атқаруға қабілетті және 19 десантты орналастыру мүмкіндігі бар.

2024 жылы әскери техника мен оқ-дәрілерді жөндеу мүмкіндіктерін арттыру үшін Алматы, Ақтау, Теміртау, Қонаев қалаларында және Гвардейский кентінде 5 жаңа жөндеу-қалпына келтіру бөлімшесі құрылатын болады. Ақтөбе облысындағы Жем әскери қалашығында жаңа нысандар бой көтереді, сондай-ақ Алматыдан 50 шақырым жердегі Жетіген елдімекенінің әуеайлағының ұшу алаңы күрделі жөндеуден өтеді. Казармалар мен тұрғын үйлерде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің спорт комитетінен 36 спортшы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді. Олимпиада ойындары 26 шілдеден 11 тамызға дейін өтеді. Бұдан бөлек, елімізде Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, №1 Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры және армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтті.  Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің өмір жолы аңызға, мықты қайсарлыққа толы екенін, қазақ халқының бірегей батыры мемлекетке және болашақ ұрпаққа адал қызмет еткен тұлға ретінде барша жас ұрпаққа ерлік пен жауынгер абыройының, ар-намыс пен адамгершіліктің үлгісі ретінде көрінеді.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар