Әлеуметтік желіде ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа қатысты түрлі пікірлер тарады. Жазба авторларының айтуынша, қазір қаламгердің денсаулығы сыр беріп, күтімде отырған көрінеді, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
Желіде тараған ақпаратта екі азаматтың ақынның үйіне барып, оны бейнекамераға түсіріп алғаны айтылған. Авторлардың мәлімдеуінше, олар қарияның аузына сөз салып, белгілі бір мазмұндағы пікір айтқызуға тырысқан болуы мүмкін деген күдік бар.
Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.
Мұхтар Шаханов қазір тек күтіммен отыр. Құлағы да естіңкіремейді. Есте сақтау қабілеті де нашарланған.Ал саяси істі жалаулатып, әрлі берлі далпылдап жүрген екі сұмырай жақында Мұхтар ағамыздың үйіне келіп, жеңгемізді шәй су дайындаумен бөлемеден күліп шығарып жіберіп, қарт адамның аузына сөз салып, бейнекамераға түсіріп алған. Иә, өз құлағыммен естідім бұл оқиғаны.Арын сатқандар әр кезеңде де болған. Бола да береді.(Фотода солдан оңға қарай түрегеліп тұрғандар ақынның үлкен қызы, жұбайы және келіні), - деп жазды желі қолданушысы.
Жазбада жарияланған фотосуретке қатысты түсіндірмеде кадрда ақынның отбасы мүшелері — үлкен қызы, жұбайы және келіні бейнеленгені айтылған.
Қоғамда аталған жайтқа байланысты түрлі көзқарас қалыптасып жатыр. Ал ақынның жағдайы мен тараған ақпараттың шынайылығына қатысты ресми мәлімет берілген жоқ.