«ҚарЛагта қазақ тіліне құрмет жоқ»: блогер тарихи нысандағы жағдайға наразылық білдірді, деп жазды Alash.kz.
Қазақстандық блогер Әділет Сабитов Қарағанды облысындағы ҚарЛаг музейінде қазақ тілінің қолданылуына қатысты наразылығын білдірді, деп жазады.
Оның айтуынша, Қазақстанды көлікпен аралау барысында еліміздің бірнеше өңіріндегі мемлекеттік тілдің жағдайына көңілі толмаған.
«Қазақстанды аралау үшін Атыраудан көлікпен шықтым. Қостанай, Петропавл, Ақмола өңірлеріндегі қазақ тілінің жағдайын көзбен көріп, қатты таң қалдық. Мінезімді көрсетпейін деп, сабыр сақтадым. Бірақ Қарағанды өңіріндегі ҚарЛагта, ата-бабам атылған тарихи жерден осындай жағдайды күтпедім», – деді ол.
Блогер жұртшылықты қазақ тілін қолдауға шақырып, әлеуметтік желіде үндеу жариялады.
«Қазақ тілін қолдауларыңызды сұраймын!» – деп жазды Әділет Сабитов.
Әзірге ҚарЛаг музейі немесе жауапты мекемелер бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.