Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаржылық қиындықтарға байланысты". Боксшы Назым Қызайбай сыйға алған көліктерін сатқалы жатыр

09:30, 01 қазан 2024 165

2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тосын мәлімдеме жасады. Боксшы ару өзіне сыйға берілген көліктердің екеуін сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Назым Қызайбай қаржылық қажеттіліктеріне байланысты осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар, ол үш көлікті бірден қолдануға мүмкіндігі жоқ екенін де атап өтті.

Естеріңізде болса, Назым Париждегі жарқын жеңісінен кейін демеушілер тарапынан 3 бірдей көлік сыйға алды. Соның ішінде спортты Zeekr мен Mini Cooper көліктерін сататынын айтты.

Орайы келгенде айта кетейік, Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер берілген еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?