Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой-санасы орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Белгілі ақын, көрнекті драматург әрі мемлекетшіл тұлға, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында бақилық болды. Оның есімі мен шығармашылығы қазақ халқының азаттық рухымен және ұлттық мүддені қорғау жолындағы қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Ақынның шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді.
Alash.kz ұлттық порталы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.