Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды

15:10, 15 сәуір 2026

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің қазасына қатысты тергеу басталды, деп жазады Alash.kz.

Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында қайғылы жағдай орын алып, екі жасөспірімнің өмірі қиылды. 15 сәуір күні таңертең елді мекендегі шаруашылық қорасының ішінен кәмелетке толмаған екі баланың мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның себеп-салдары мен жан-түршігерлік әрекетке не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша жүргізілуде. Мамандар қажетті сараптамаларды тағайындап, қайтыс болғандардың туыстары мен мектептегі ортасын тексеруге кірісті.

Оқиға орын алған ауылда жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын толық ашу үшін барлық нұсқаларды қарастыруда. Әлеуметтік қызметтер мен психологтар зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар