Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Әшірбаев өмірден өтті

23:17, 14 тамыз 2026

Ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰУ Журналистика факультетінің аға оқытушысы Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден озды деп жазады  Alash.KZ

Бекжан Әшірбаев 1974 жылы Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қарасты "Ленин жолы" ауылында туған. Айтыс ақыны, сазгер, журналист.

Бекжан Әшірбаев 1996 жылы ҚазҰУ-ді бітірген. Сол жылдан бастап журналистика факультетінің журналистика тарихы кафедрасына оқытушы болып қызмет етті. Кафедраның аға оқытушысы.

2001 жылы "Қазақ университеті" газетінің редакторы;

2008 жылы "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары болады.

1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысқан. Әнші Тоқтар Серіковтің орындауындағы "Көршінің қызы" деген әнімен танылған әуесқой сазгерлігі бар еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар