Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Барша халыққа танымал кинорежиссер 85 жасқа қараған шағында дүние салды (ФОТО)

15:34, 20 маусым 2026

Әлемге әйгілі «Достар» (Друзья) сериалының режиссері Джеймс Берроуз 85 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

Аңызға айналған телережиссердің дүниеден өткені туралы ақпаратты оның ресми агенті Рик Розен растады, алайда өлімнің нақты себебі әзірге көпшілікке жарияланған жоқ. Кино әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Берроузды замандастары мен әріптестері ерекше дарыны үшін «ситкомдардың Спилбергі» деп атайтын. Ол өзінің жемісті шығармашылық мансабында беделді «Эмми» телеарналық сыйлығын 11 мәрте жеңіп алып, жалпы саны 47 номинацияға ие болған ерекше тұлға.

Джеймс Берроуз бүкіл әлем таныған «Достар» хикаятынан бөлек, көрерменнің ықыласына бөленген «Үлкен жарылыс теориясы» (Теория большого взрыва), «Қос күйкі қыз» (Две девицы на мели) және «Күннен кейінгі үшінші планета» (Третья планета от солнца) сияқты танымал комедиялық сериалдардың жарыққа шығуына тікелей еңбек сіңіріп, режиссерлік еткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар