Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақпаратты кәсіби альпинист Ершат Аязбаев өзінің жеке парақшасында жариялаған. Ол жазбасында қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
«Таудан жағымсыз хабар жетті. Жас өмір күш-қуат пен мән іздейтін жерде қыршыннан қиылды. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мұндай қайғыны еңсеруге күш-қуат берсін. Таулар әдемі, бірақ олар қателікті кешірмейді», – деп жазды Ершат Аязбаев.