Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қар суымен "шайылып" кеткен жолға жауапты адам жазаланды

11:54, 01 наурыз 2024 363

Кеше салынған жол бүгінт жоқ. Жетісу облысының прокурорлары қираған жолды қалпына келтіріп, кінәлі лауазымды адамды жазалады, - деп хабарлайды alash.kz.

Сот үкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Прокурорлық тексеру барысында бұл аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

2023 жылы еріген су шайып кетіп қираған, Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғама наразылық тудырған болатын.

Бұған кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу жұмыстары барысында жобалық-сметалық құжаттама жасалмағаны және сараптама жүргізілмегені анықталды.

Соның салдарынан судың сыйымдылық қуаты есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан.

Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден асып кеткен.

Жауапты адам кінәсін мойындаған, сотталушының жасы ескерілген және келтірілген зиянды толық өтелген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар