Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаңтардағы жеңіліс үшін өш алуға тырысуы!": Депутат Назарбаев пен Путинмен кездесуінің астарында не жатқанын айтты

10:04, 15 желтоқсан 2024 2623

Мәжіліс депутаты, саясаткер Ерлан Саиров Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинмен кездесуінің астарында не жатқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Қазақстанда реваншисттік күштер дәстүрлі түрде жылдың аяғында "қоза бастайды". Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шетелге шығып келсе,  ел ішінде әр-түрлі ақпараттық,  саяси дүмпулер болуы  дәстүрге айналып отыр. Бұл да шындық. Міне,  Н. Назарбаев Ресейге жол тартыпты.
Бұл нені білдіреді? Егер назар аударсақ, екі айда  Қазақстан ішінде мемлекетке, нақты Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы ақпараттық шабуылдар да болып жатыр. Бұл тенденцияны "саяси соқыр" ғана көрмей отырған шығар. Реваншисттер Қазақстандағы әр-бір оқиғаны мемлекетке қарсы пайдалануға тырысып отыр!
Өткен екі айдың ішінде Қазақстанға іштен де, сырттан да ақпараттық шабуыл үдеп барады! Бұл сол Қаңтардағы жеңіліс үшін ревашисттердің  өш алуға тырысуы!

Конституция бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын анықтайтын Президент! Бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Бұрынғы Президенттің  мына турбулентті заманда басқа мемлекеттің басшысымен кездесуін қалай түсінуге болады? 2022-жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін "Мен зейнетке шыққанмын, барлық өкілеттілікті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым" деп Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мәлімдеген! "Енді саясатпен айналыспаймын!" деп тағы бірнеше мәрте мәлімдеді! Әлде, зейнетке шыққаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлында "ұмытшақтық" пайда болды ма екен? Онда  Нұрсұлтан Әбішұлына Назарбаевтар жанұясына қатысты коррупциялық мәселелер бойынша сұрақтардың таусылмағандығын, Қаңтар оқиғасының нақты себептері бойынша да сұрақтардың бар екендігін, "Назарбаев Фондының" табиғатын да зерттеу мүмкін екендігін жеткізу қажет тәрізді! Егер де, Бүгінгі Басшылық өткен саяси режимге қатысты барлық сұрақтарды,  әзірше қоймай отырса, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ақсақал" ретінде тыныштығын алмайық деген гуманитарлық фактор!
"Капиталды қайтару бойынша да" қосымша сұрақтардың тек қана "Назарбаевтар" жанұясына қатысты екендігін қоғам түсініп отыр! Осындай ауыр жүкті арқалап алып, неге халықты дүрліктіре беретіндігі түсініксіз!

Мен айтарым: "Реваншизм не пройдет!". "Реваншизмге жол жоқ!". Қазақстанның тыныштығы мен бірлігін реваншисттерден сақтау үшін барлық заңды әдістердің бәріне барамыз! Сондықтан,  зейнетке шыққаннан кейін, елге бейнет жасамай, тыныш жүрген ақыл болады. "Ақылды қартаю да өнер екен". Елдің тыныштығын бұзғандар оңбайды! Бұл анық! Бүгінгі мына алай-дүлей заманда басты мақсат Ел Бірлігі! Қазақстанның саяси тұрақтылығы өте маңызды аспект.
Ынтымақ,  Ықпалдастық, Жасампаздығымыз арта берсін!", - деп жазды Ерлан Саиров. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар