Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтарда туылған 570 граммдық сәби үйіне оралды

19:58, 02 мамыр 2024 1262

2024 жылғы 28 қаңтар күні пациент жүктіліктің 27 аптасы мерзімінде оперативті жолмен салмағы – 570 гр, бойы – 32 см, алақанға сыйып қана кететін шақалақты дүниеге әкелді.Бұл туралы Қызылорда облыстық перениталдық орталығы мәлімдеді. 

Өмір есігін ерте ашқан сәби ерекше күтімді, сапалы емдеуді, ұзақ уақыт бойы бақылауды қажет етті.

Бөлім меңгерушісі Лаура Дауренбаева, неонатолог дәрігер Меруерт Аккаирова және Неонаталды блок бөлімінің қызметкерлері баланың жанын сақтап қалу үшін барын салды.

Ерекше күтімнің, білікті мамандардың, жоғары технологиялық құрал жабдықтардың арқасында аса ұқыптылықпен күтім жасалып, сапалы ем-дом жүргізілді. Бүгін, өмірге келгенінен 3 ай өткенде, яғни 93-ші тәулікте, салмағы – 2110,0 грамдық сәби аман-есен анасымен үйіне шығарылды.

Облыстық перинаталдық орталығында 2024 жылдың басынан бері 150-ге жуық сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Орталықта шала туған сәбилерді күтуге, бағуға, оңалтуға қажетті жабдықтардың бәрі бар. 500 – 600 грамдық шақалақтарға өмір сыйлау дәрігерлердің дәстүрлі ісіне айналды десе болады.

Сәби дүниеге келген сәттен бастап өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылатын Ақ халатты әріптестеріміздің тынымсыз тірлігіне, ерен еңбегіне шын жүрегімізден алғысымызды білдіреміз!!

Тіл-көзден қорыққан анасы аты-жөнін, суретін жария етпеуді сұрады. Кішкентай балапанға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз! Аман – есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар