Егер сіз ешқандай қиындықсыз арықтауды армандасаңыз, жүрек-қан тамырлары хирургиясының профессоры Явуз Ерюкоглудың кеңестері сізге пайдалы болады. Ол калориясы аз, бірақ пайдасы мол 7 тағамды атады, деп хабарлайды Alash.kz.
1. Қияр
100 грамм орташа қиярда небәрі 12 ккал бар. Онда витаминдер аз болғанымен, калий мөлшері жоғары.
2. Жасыл салат
100 грамм жасыл салатта небәрі 17 ккал. Жапырақтарында А және С витаминдері, бета-каротин, фолий қышқылы, талшық, калий және кальций бар.
3. Брокколи
100 грамм брокколиде 35 ккал. Бұл орамжапырақ С және К витаминдеріне, магнийге, калийге, кальцийге, фосфорға, ақуызға және антиоксиданттарға бай.
4. Жасыл алма
Орташа мөлшердегі бір жасыл алманың калориясы шамамен 40-50 ккал. Сонымен қатар, алмада ерігіш және ерімейтін талшық, кверцетин (антиоксидант), С витамині және калий бар.
5. Қызанақ
100 грамм қызанақта 20 ккал бар. Бұл көкөніс калийге, фолий қышқылына, С және К витаминдеріне, сондай-ақ антиоксиданттарға бай.
6. Қызылша
100 грамм қызылшада 40 ккал және көптеген антиоксиданттар мен талшықтар бар.
7. Сәбіз
100 грамм сәбізде бар болғаны 40 ккал. Сәбіз А витаминіне, калийге және талшыққа бай.