Әскер сарбаздарын пайдаланып челенж түсіріп жүрген Қорғаныс министрінің әйелінің видеосы кеңінен тарап жатыр екен. Біреулер бұрын түсірілген деп жатыр екен. Өткенде Нартай Аралбайұлы басқарған жиын өтті, қорғаныс саласының өкілдері болды.Әскердегі сарбаздарға көрсетілетін әлімжеттік, өлімі жайлы мәселе көтерілді. Сол кезде сала өкілдері жауынгерлердің өлімі жайлы статистика келтірді. Бір адам өлімі емес, малдың шығынын айтып жатқандай әсер алдым.Айналайындар-ай, әр санның артында бір азаматтың өмірі, өмірінің соңына дейін баласын жоқтап өтетін ананың көз жасы, мұңы, зары, шемен болған шері, жазылмас қайғысы тұр ғой?! Шырылдап тұрып аналардың жанайғайын жеткіздім.Тіпті қоғамдық бірлестік ретінде әскери бөлімшелерге барып рухани-ағартушылық жұмыс жүргізуге дайын екенімізді де айттым. "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін” демекші, дауысы жоқ болса да, министрдің әйелі ән айтсынның кері болып тұр екен.Мынандай нәрсеге рұқсат бар ма, өзі?! Алдымен әскердегі жағдайды түзеп алмай ма? Халықты ашындырғанды қашан қояды екен, осы, өңкей байшікештер мен шенділер?!Қанша ана сау баласын әскерге жіберіп, мүгедек болып келіп не сүйегін құшақтап, “ботам-ай” деп зарлап қалып жатқанда, мыналардікі не той?! Әскери техниканы, әскерилерді пайдалануға рұқсат бар ма? Біреулер патриоттық ән айтып жаиыр деп қорғап жатыр екен. Патриоттықтың иісі де сезілмейді екен.Қолда барда қонышынан басып жатқан қорғаныс министрінің мына әрекетін депутаттар неге көрмей жатыр? Әлде әлі келмей ме?
"Қанша ана әскерге кеткен баласының сүйегін құшақтап жатқанда не той?!" Қоғам белсендісі сарбаздарды пайдаланып челенж түсірген министрдің әйелін сынады
Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
21:18, 20 қыркүйек 2026
Велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін жеңіп алды
16:21, 20 қыркүйек 2026
Қуанышты жаңалық: Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
14:41, 20 қыркүйек 2026
Қуанышты хабар: Жібек Құламбаева Португалияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
12:21, 20 қыркүйек 2026
Алғашқы медаль: Триатлоншы Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
10:52, 20 қыркүйек 2026
«Туристердің мазасын алып, ақша сұраған»: Базарда ән салған танымал әнші ұсталды (ВИДЕО)
22:08, 19 қыркүйек 2026
«Тозақ санкциялары»: Трамп Ресей мен Иранға қарсы әлем күтпеген шара қолданды
20:51, 19 қыркүйек 2026
«Таза Қазақстан»: Тоқаев ағаш егу науқанына қатысып, жастарға үндеу жасады (ВИДЕО)
20:09, 19 қыркүйек 2026
«Қызын зорлаған адамнан ақша алған»: Түркістан облысындағы оқиға елді шошытты
19:33, 19 қыркүйек 2026
«Экс-әйеліне қоқан-лоқы көрсетіп, ізінен қалмаған»: Жамбыл облысында 62 жастағы ер адам ұсталды
16:43, 19 қыркүйек 2026