Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы бойынша 52 адам сотталды, 107 іс бойынша айыптау үкімі шықты

02:34, 22 ақпан 2022 305
[ad_1]



Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы бойынша 107 қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталғанын мәлімдеді.


Ведомство мәліметі бойынша, негізгі істер "ұрлық", "қару-жарақ ұрлау, оны заңсыз сақтау" баптары бойынша қаралған.


ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов "сотқа дейінгі тергеудің сапалы жүргізілуіне және оны тездетіп аяқтауға аса мән беріліп жатыр" деп мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейін 86 айыптау ісі сотқа берілген, сот 52 адамға шешім шығарған.


Олардың 39-ның еркіндігі шектелген, 13 адам бас бостандығынан айырылған, екі адамның ісі "тараптардың келісімге келуіне байланысты" тоқтатылған. Қай қалаларда сот ісі жүргенін ІІМ өкілі нақты айтпады.


ІІМ мәліметінше, бүгінгі күні 2729 қылмыстық іс бойынша 250 адам қамауға алынған, 140-на бұлтартпау шарасы қолданылған, 62-сі үйқамақта отыр, 33-сі кепілдік беріп босатылған, 45-сінен елден кетпеу жөнінде қолхат алынған.


Негізгі қылмыстық істер "Ұрлық" (1844 іс), "Бөтен адамның мүлкіне әдейі зақым келтіру" (144), сонымен бірге "қару-жарақты заңсыз сақтау" (343) баптары бойынша тергеліп жатыр.


Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, қаңтар оқиғасына байланысты сотқа дейінгі 3096 іс тіркелген. Арнайы прокурорлар "жаппай тәртіпсіздік және терроризм актісі" бойынша 181 істі тергеп жатыр. 741 күдікті сот санкциясымен қамауға алынған. 157 күдіктінің бұлтартпас шарасы денсаулығы және өзге жайттарға байланысты қамаумен байланысты емес шара түрімен алмастырылған.


Қаңтар көтерілісіне байланысты алғашқы сот шешімі шықты. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұловтың шешімімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындары Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан 5 жылға соттап, жазаларын қауіпсіздігі орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге кескен. Екеуі де 1999 жылы туған, 22 жаста. Бұл туралы Азаттыққа сотталушылардың туыстары хабарлады.


Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісханға мемлекет бекіткен адвокат Құралай Қалиасқарованың сөзінше, оларға Қылмыстық кодекстің 291 бабы 3 бөлігі бойынша ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") айып тағылған.


2022 жылы қаңтардың басында газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы талаппен ереуілге шыққан Жаңаөзен тұрғындарын қолдау үшін Қазақстанның көптеген аймағында басталған акциялар біртіндеп саяси талап қойған наразылыққа ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 227 адам осы оқиғада қаза болған.








[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар