Кейін өңірдің бас имамы жұмыстан қуылып, 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған еді.
Аталған оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы пікір білдірді.
"Қостанай облысы бойынша бұрынғы өкіл имам Бақытбек Тәжімбеттің Бурабайда қандай сусын ішкендігі жөнінде бізде нақты ақпарат жоқ", - дейді Діни басқармадан.
ҚМДБ-ның мәліметінше, қымыз – биенің сүтінен дайындалатын табиғи өнім және ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрлі сусыны болғандықтан ислам шариғаты қымыз ішуге тыйым салмайды.