Ресейлік блогердің Қазақстан азаматтығын алғаны қоғамда қызу талқыланды, деп жазды Аlash.kz.
Әлеуметтік желіде Ресей азаматы болған блогердің Қазақстан азаматтығын алғаны қызу пікірталас тудырды.
Белсенді Бурахан Дақанов бұл мәселеге қатысты жазба жариялап, блогердің ел азаматтығын қандай негізде және қандай тәртіппен алғанын тексеруді талап етті.
Оның пікірінше, қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қандастардың өзіне азаматтық алу рәсімі күрделеніп, ұзақ уақытты қажет етеді. Сондықтан Қазақстанға үш жыл бұрын ғана келген шетелдік азаматтың қысқа мерзімде азаматтық алуы күмән тудырады.
Белсенді құқық қорғау органдарын аталған азаматтықтың заңдылығын тексеруге шақырып, заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолдануды талап етті. Сонымен қатар ол азаматтық беру мәселесінде барлық үміткерлерге бірдей талап қойылуы қажет екенін атап өтті.
Әзірге құзырлы мемлекеттік органдар бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.