Әлеуметтік желіде танымал болғысы келген атыраулық бір топ жастың қоғамдық орындағы қалжыңы шектен шығарып, полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Куәгерлердің айтуынша, көшеде айқайлаған қызды бірнеше жігіт ұстап алып, күштеп көлікке отырғызған. Бұл көрініс тұрғындарды дүрліктіріп, кейбірі бірден полицияға хабарласқан.
Алайда кейін белгілі болғандай, “қалыңдықты ұрлау” шын оқиға емес, әлеуметтік желіге арнап түсірілген пранк болып шыққан.
Полиция видеодағы барлық қатысушыларды анықтап, әрқайсысына 78 мың теңге көлемінде айыппұл салды.