Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қалған өмірімізді ғайбат айтпай, бәле іздемей өткізейік". Сәкен Майғазиев көпшілікке өсиет айтты

09:49, 18 тамыз 2024 1091

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желі парақшасында оймақтай ой айтып, оқырмандарын әрдайым жақсы сөз айтуға шақырды, – деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық орталы Aikyn.kz басылымына сілтеп.  

Сәкен Майғазиев ағынан жарылып, желі қолданушылары мен тыңдармандарына өнегеге толы оқиғаны баяндап берді.

“Бір наубайшы кейбір нан сатып алушылардың өзіне берген ақшаның жалған екенін біле тұра, байқамаған болып, нанды бере береді екен. Өлім сәті жеткенде төсек тартып жатқан наубайшы Аллаға жалбарынып жатқан көрінеді: “Я, Раббым! Сен бәрін білушісің. Қаншама адам мені “алдап соқтым” деп жалған ақша беріп тұрса да, мен нанымды тегін таратып, адамдардың қалағанын бердім. Енді мен де сенің алдыңа жалған құлшылықтарыммен келе жатырмын. Бетіме баспай, қабыл қылғайсың” депті”, – дейді әнші. 

Кейіннен қаңқу сөзге ермеуін өтініп, оқырмандарын жақсылыққа шақырды. 

“Ораза, намазымызды жүрдім-бардыммен, өмірімізді өсек-аяңмен өткізіп, жалған жалбарынып жүрген біздерді Алла тағала өз мейірімімен кешіргей. Қаңқу әңгімеге құлағымыз түріліп, құлшылықтарымыздың құнын кетіріп, тесік тостаққа сауап жинап жүргендейміз. Ендеше, қалған өмірімізді өсек, ғайбат айтпай, жанжалдаспай, бәле іздемей, қайырлы, құтты, берекелі, мерекелі, керемет етіп өткізейік”, – деп жазды өнер иесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар