Талдықорғанның 8-шағын ауданында бір топ ер адамның түнгі төбелесі видеоға түсіп қалды. Оқиғаға байланысты Жетісу облысының полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан көшеде кемінде 12 адамның жүргенін көруге болады. Бірнеше ер адам өзара жанжалдасып, артынша төбелес басталған.
Жетісу облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.
«Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.
Қазір полиция төбелеске қатысқан адамдарды анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.